Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт туралы
Ертіс ӘКК АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл жөніндегі Нұсқаулық.pdf
Ертіс ӘКК АҚ Іскерлік әдеп кодексі.pdf
Ертіс ӘКК АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл саясаты.pdf
Ертіс ӘКК АҚ комплаенс қызметі туралы ереже.pdf
Мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі ереже.pdf
Акционерлік қоғамда жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелінің ішкі талдау нәтижесі бойынша талдамалы анықтама
«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ 2019 жылғы 5 сәуірдегі 2019 жылғы 1-тоқсанға
Анықтамаға сілтеме: Анықтама
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттары
Сыбайлас жемқорлық тұрақты жүйелік тәсілді, терең меңгеруді, жедел тиісті шараларды қолдануды талап ететін, қазіргі қоғамның жағымсыз құбылысы болып табылады. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік экономикалық дамуды, нарықтық экономика құрылысын, инвестицияларды тартуды тежейтінін ескере келе, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға, сыбайлас жемқорлықтан жеке бас тарту белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыруға бағытталған тиісті шаралар жиынтығын қамтитын мемлекеттік саясаттың маңызды құрамының бірі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша әзірленген бағдарламалар мемлекеттік, өңірлік, ведомствоаралық, ведомстволық немесе басқа деңгейде қабылдануы мүмкін. Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарлама кейіннен оның орындалуын ұйымдастыру және бақылаумен уәкілетті органдармен әзірленеді. Аумақтық, ведомствоаралық, ведомстволық және басқа да деңгейлі сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалар, оларды әзірлеу Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен тапсырылған мемлекеттік органдармен, жеке өзін-өзі басқару органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен әзірленеді.
2014 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілді. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының мемлекеттік қызмет саласындағы түйінді бағыттары, қоғамдық бақылау институтын енгізу, квазимемлекеттік және жеке меншік секторларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, құқық қорғау органдары және жеке сот органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Сонымен қатар қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күреске белсендіру маңызды сәт болып табылады. Тек мемлекеттің және қоғамның бірлескен күші сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыруға және сыбайлас жемқорлық сияқты жағымсыз құбылысты жоюға алып келеді.