Индустриялық аймақтар деген не?

Индустриялық аймақтар импортты ауыстырушы және бәсекеге қабілетті өндірістерді құруды ынталандыру үшін жағдайлар мен бүгінгі заманға сай инфрақұрылымды қалыптастыру, шетел және отандық инвестицияларды тарту мақсатында құрылған.

Индустриялық аймақтардың баламасы Шығыс Қазақстан облысында жоқ, себебі жер учаскелерінің жоғары құны, қымбат тұратын инфрақұрылымдарды жүргізу облысқа өңірдің не шағын және орта бизнес компанияларына өздігінен инженерлік коммуникацияларды өз бетімен барлық шығындарды игеруіне және нарықтық баға бойынша жерді сатып алуына мүмкіндік бермейді.

Индустриялық аймақтарды дамытудың негізгі ынталандырушы факторы өндірісті құру мен дамыту кезінде кәсіпкерлердің шығындарын азайту болып табылады. Бұл жеке секторға инфрақұрылымдық-сервистік кешенді, соның ішінде өзіне өндіріс инсталяциясы үшін жер учаскелерін ұсыну, кадрларды дайындау және қайта даярлау бойынша оқыту орталықтары, өндірістік, көліктік-логистикалық, ақпараттық, кеңселік және көрнекі инфрақұрылымды ұсыну арқылы қол жеткізіледі.

Мұндай кешендерді ұйымдастыру арқылы өзіне шығындардың бір бөлігін мемлекет өзіне ала отырып, бизнес бірлігіне есеппен жеке кәсіпкерлік шығындарын төмендетеді, бұл да жаңа өндірістердің іске қосылу уақытын қысқартады.

Шығыс Қазақстан облысының аумағында 3 индустриялық аймақ бар.