Басты бет / Жаңалықтар / БАҚЫЛАУ КҮНІ – НӘТИЖЕЛІЛІК КЕПІЛІ
Новости и статьи 08 тамыз, 2024

БАҚЫЛАУ КҮНІ – НӘТИЖЕЛІЛІК КЕПІЛІ

Бүгін «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-да Басқарма төрағасы Әбіл Донбаевтың төрағалығымен өтініштерді қарау мен орындаушылық тәртіп бойынша «Бақылау күні» өтті. Күн тәртібінде мынадай көрсеткіштер талқыланды:

1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

2. Кіріс (бақылау) тапсырмалары;

3. Хаттамалық тапсырмалар;

4. Басқарма Төрағасының тапсырмалары;

5. Басқарма шешімдерінің орындалуы бойынша.

Құжаттамалық қамтамасыз ету және персоналды басқару департаменті директорының міндетін атқарушы Әлия Садықованың мәліметінше, «Ертіс» ӘКК» АҚ ағымдағы жылдың 7 тамызына дейін жеке және заңды тұлғалардан барлығы 204 өтініш келіп түскен, оның ішінде 185 - жеке тұлғалардан, 19 - заңды тұлғалардан. Оның ішінде 187 өтініш орындалып, жеңілдетілген рәсім бойынша 23 өтініштің авторларына жауап берілген және 16 өтініш кері қайтарып алынған. Тағы 1 өтініш қабылданып, қалған 22 өтініш орындалу үстінде, олардың мерзімі әлі аяқталмады. Айта кетейік, есепті кезеңде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдері бұзылған жоқ.

Сондай-ақ, ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ШҚО бойынша департаментіне ай сайын қаралатын өтініштер бойынша есеп беріледі. Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап E-otinish ақпараттық жүйесіне еншілес ұйым - «Өскемен Әуежайы» АҚ қосылды. Барлық өтініштер ҚР ӘПРК нормаларына сәйкес қаралады.

Осы кезеңде кіріс тапсырмалары бойынша құжат айналымы 2771, оның ішінде 1304 кіріс, 873 шығыс, 594 ішкі құжаттар. Сонымен қатар, ШҚО әкімінің, облыс әкімі орынбасарының 31 хаттамалық шешімі орындалуда, онда 62 тапсырма берілген, оның ішінде 49 тапсырма орындалған, ал 13 тапсырма орындалу үстінде. Бұл тапсырмалар облыс әкімі аппаратының тікелей бақылауында.

«Ертіс» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы жыл басынан бері 166 тапсырма енгізді, оның 107-сі орындалды, 59 орындауда. Ал Басқарма отырыстарында барлығы 68 мәселе қаралған және оның 66-сы орындалса, 2-уі орындалуда.

Бақылау күні - жұмыс тиімділігін күшейтуге және қызмет нәтижелерін бағалауға бағытталған ай сайынғы іс-шара. «Ертіс» ӘКК» АҚ Басқарма Төрағасы Әбіл Донбаев өтініштерге жедел ден қоюдың және ақпаратқа қолжетімділікті, кері байланысты қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Төраға функционалдық міндеттерді орындауға заманауи қағидаттар аясында қараудың маңыздылығын алға тартты, олар - бастамашылық, белсенділік және нәтижелілік.

- Әрбір менеджер өз жұмысының тиімділігін арттыра отырып, өз жауапкершілігіндегіжұмыстың нәтижесі үшін жаны ашуы керек. «Ертіс» Корпорациясы– өңірді дамыту институтының рөлін алуда. Кәсіпкерлерді қолдау мен инвесторларды тарту барысында, нарықтық сұранысты ескере отырып, уақтылы шешім қабылдау маңызды. Біз бизнес саласындамыз, бүгін істелмеген іс - ертең өзекті емес! - деп қорытындылады Ә.Донбаев.

Сондай-ақ, еңбек демалысы кезінде маңызды сұрақтардың атқарылуын мамандар арасында үлестіру бойынша да ескертпелер айтылды. Корпорация басшылығының айтуынша, әрбір менеджер өзекті мәселелер бойынша шешімдерді қарау мен қабылдауға басымдық беруге және өз еңбек демалысын міндеттердің орындалуы аяқталуына қарай жоспарлауға тырысуы тиіс. Тапсырмалардың нақты орындалу мерзімін белгілеу маңыздылығы да тілге тиек етілді. «Жүйелілікті қалыптастыру үшін тапсырмаларды орындау бойынша алгоритм құру қажет», - деді Төраға.

ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Е.Тоғжановтың Шығыс Қазақстанғаіс-сапары нәтижесінде «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру аясында Корпорация ауылдық әкімдермен тығыз жұмыс жасауды қолға алмақ.ӘКК басшылығының тағы бір маңызды тапсырмасыАкционерлік Қоғамның негізгі құжаттарының бірі - Корпоративтік Кодекстіұжымға жаңадан қосылған бірқатар қызметкерлерге кеңінентаныстыру.

Естеріңізге сала кетсек, Бақылау күні ай сайын өткізілетін іс-шара, бұлқызметтің жалпытиімділігін арттыруға ықпал ететін кепілді тетік деп саналып отыр.