Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 5 қазандағы № 21 бұйрығымен бекітілген, Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексінің 231-тармағының 17) тармақшасына сәйкес, осы бөлімде ірі мәмілелер туралы мәліметтер қамтылады, оның ішінде мәміле тараптары, мәміленің елеулі шарттары (мәміле мәні, мәміле бағасы), сондай-ақ мәмілені мақұлдау туралы шешім қабылдаған орган туралы ақпарат көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 68-бабына сәйкес, ірі мәміле деп төмендегілер танылады:
1. қоғамның активтерінің жалпы баланстық құнының жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алуға немесе иеліктен шығаруға (сатып алынуы немесе иеліктен шығарылуы мүмкін) алып келетін мәміле немесе өзара байланысты мәмілелердің жиынтығы;
2. қоғамның бір түрдегі орналастырылған бағалы қағаздарының жалпы санының жиырма бес және одан да көп пайызы мөлшерінде орналастырылған өз бағалы қағаздарын сатып алуына немесе өзі сатып алған қоғамның бағалы қағаздарын сатуға алып келетін мәміле немесе өзара байланысты мәмілелердің жиынтығы;
3. қоғамның жарғысында ірі мәміле ретінде танылатын өзге де мәміле.
Қазіргі шаққа «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамында Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 68-бабында көзделген ірі мәмілелер жасалмаған.