«Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде жеңілдетілген несие бойынша ШҚО аудандарының ауылдық округтері бөлінісінде 2026 жылға арналған басым бағыттар (ауыл шаруашылығына жатпайтын жобаларды қоспағанда)


 
«Ауыл аманаты» бағдарламасының қысқаша шарттары
(шағын несие беру арқылы ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған бағдарлама)

Мақсатты топ: жеке кәсіпкерлер (ЖК), шаруа қожалықтары (ШҚ), ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері (АӨК).

Бағдарламаға сондай-ақ жұмыссыз азаматтар да қатыса алады, бірақ олар үшін міндетті шарт – ЖК немесе ШҚ ашу. Өтінімді үміткер өз бизнес-жобасын іске асыратын аудан арқылы беруі тиіс. Жоба скрининг нәтижелері бойынша айқындалған басым бағыттарға сай болуы қажет.

 Негізгі шарттар:

 Қарыздың пайыздық мөлшерлемесі: жылына 2,5% (теңге түрінде).

 Шағын несиенің мерзімі:

- ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнес түрлері үшін - 60 айға дейін;

- ауыл шаруашылығы және өнімді қайта өңдеу жобалары үшін - 84 айға дейін.

  Микрокредиттің сомасы:

- 2 500 АЕК-ке дейін;

- ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жобалары үшін - 8 000 АЕК-ке дейін;

- кооперативтерді дамытуға - 8 000 АЕК-ке дейін.

 Жеңілдікпен несие берудің басым бағыттары:

- туризмді дамыту;

- ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу;

- жаңа ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын алу;

- жеке қосалқы шаруашылықтардың қатысуымен сүт-тауарлық фермалар құру;

- жеке қосалқы шаруашылықтарды тарта отырып, ірі қара малды бордақылау жобаларын іске асыру;

- заманауи күтім және азықтандыру технологияларын қолданатын қаз өсіру шаруашылықтарын дамыту;

- жұмыртқа бағытындағы құс шаруашылығы (ауылдық жағдайға бейімделген модульдік фермаларды қоса алғанда);

- ұсақ мал шаруашылығын дамыту.

Әрбір жоба жаңа жұмыс орындарын ашуды көздеуі тиіс.

Қамтамасыз ету: кепіл ретінде жылжымайтын мүлік қабылданады (оның ішінде ауылдық жерлердегі нысандар да). Ол «Ертіс» ӘКК» АҚ-ның Кепіл саясатына сәйкес болуы керек. Ғимараттар құрылысының мерзімі 60 жылдан аспаған болуы шарт.

 Қарыз алушыға қойылатын талаптар:

- шағын несиені өтеп бітер кезі зейнет жасына толмаған болуы тиіс;

- банктер мен микроқаржы ұйымдарында жағымды несие тарихы болуы қажет;

- бюджет алдындағы қарызы және үшінші тұлғаларға қатысты сот орындаушылары арқылы қарызы болмауы тиіс.

 Жеке кәсіпкер/Шаруа қожалығы ұсынатын құжаттар:

- шағын несие алуға арналған өтінім-сауалнама;

- жеке басын куәландыратын құжат, неке туралы куәлік;

- несиелік тарих субъектісінің өз деректерін кредиттік бюроға беруге және кредиттік есеп алушыға кредиттік есепті ұсынуға келісімі;

- микрокредит туралы және шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы/орындалмауы туралы ақпарат беруге келісім;

- кепілге қойылатын мүлікке құжаттар, мүлікті кепілге қоюға меншік иесінің келісімі, жылжымайтын мүліктің ауыртпалықтары туралы анықтама;

- қызмет көрсететін банктен есепшоттың бары және қарыздың болуы/болмауы (мерзімі өтіп кеткен қарызды қоса алғанда) жөнінде анықтама;

- кепіл мүлкін бағалау есебі;

- қажет болған жағдайда, талдау барысында қосымша құжаттар сұратылуы мүмкін.

 Ауыл шаруашылығы кооперативтері ұсынатын құжаттар:

- құрылтайшылардың жалпы жиналысының хаттамасы;

- кооперативтің жарғысы;

- құрылтай шарты;

- кооператив мүшелерінің жеке деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісімі;

- қаржы ұйымдарынан берілген қарыздың жоқтығы (мерзімі өтіп кеткенін қоса) туралы анықтама;

- есепшоттың бары жөнінде анықтама;

- кепілге қойылатын мүлікке құжаттар, мүлікті кепілге қоюға меншік иесінің келісімі, жылжымайтын мүліктің ауыртпалықтары туралы анықтама;

- қажет болған жағдайда, талдау барысында қосымша құжаттар сұратылуы мүмкін.

Біздің байланыстарымыз:
 

Нақты мекенжайы: Өскемен қ., Қазақстан көш., 59/1

Тел: +7 705 120 53 67