Несиенің негізгі шарттары:
1) несие мерзімі – 10 (он) жылға дейін;
2) бір жобаға арналған кредиттің ең жоғары сомасы – 5 (бес) миллиард теңгеден аспайды;
3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) %;
4) кредиттің нысаналы мақсаты – АӨК саласындағы жаңа жобаларды құруға немесе қолданыстағыларды кеңейтуге бағытталған мынадай жобаларды іске асыру:
- тауарлық сүт фермаларын (қуаты 400 бастан бастап 1500 басқа дейін);
- етті бағыттағы құс фабрикаларын (жылына 5000 тонна құс етінен бастап);
- етті мал шаруашылығы кәсіпорындарын (5000 бастан бастап);
- бордақылау алаңдарын (5000 бастан бастап);
- ет өңдеу кәсіпорындарын (қуаттылығы сағатына 8 шартты бастан басталатын);
- сыйымдылығы 10000 ауыл шаруашылығы жануарлары басынан басталатын мал базарларын;
- көкөніс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);
- жеміс сақтау қоймаларын (1000 тоннадан бастап);
- өнеркәсіптік жылыжай шаруашылықтарын;
- жүн мен теріні қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, сондай-ақ құрамажем өндіру кәсіпорындарын;
- өндірістік қуаттылығы жылына 25 тонна болатын аквашаруашылық объектілерін өсіру жөніндегі шаруашылықтарын;
- құс шаруашылығындағы асыл тұқымдық репродукторларды;
- қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларын (шашыратып, тамшылатып суару) пайдалана отырып, суармалы егіншілікті (картоп пен көкөністер, азық өндірісі);
- қой өсіру фермаларын (5000 бастан басталатын);
5) кепілмен қамтамасыз етудің болуы;
6) негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезең 24 (жиырма төрт) айдан аспайды.
АӨК саласындағы жобаларды іріктеудің негізгі өлшемшарттары мыналар болып табылады:
1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының импортын алмастыруды ескере отырып, салалық орындылығы;
2) өңір тұрғындарын сапалы және қолжетімді тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету;
3) уақытша және тұрақты жұмыс орындарын құру;
4) үміткердің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) өңдеу саласында кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы не кәсіпорын басшысының ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) өңдеу саласында кемінде 5 (бес) жыл еңбек өтілінің болуы;
5) кредиттік есеппен расталған кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешектің 90 (тоқсан) күннен артық болмауы;
6) үміткерде берік азықтық базаны қалыптастыру, ауыл шаруашылығы техникасы паркін материалдық-техникалық жарақтандыру үшін ауыл шаруашылығы алқаптарының қажетті алаңының болуы;
7) үміткерде салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;
8) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес таратылу, банкроттық, оңалту рәсімдерінің, сондай-ақ қызметінің тоқтатылуының болмауы;
9) қарыз алушы тарапынан жобаның жалпы сомасының кемінде 10%-і мөлшерінде бюджеттік кредит қаражатына қатысы жоқ, тиісті құжаттармен расталған қоса қаржыландыруды қамтамасыз ету;
10) кредит сомасының кемінде 30%-і Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ресімделген, меншік құқығы мен кепіл мүлкінің бағалау құнын растайтын құжаттары бар жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз ету;
11) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес жобаның оң сараптамасының болу (жобаға сараптама алу көзделген жобалар бойынша).
Кепіл мүлкі бойынша өтімділік коэффициенттері:
|
Кепіл нысанының атауы |
Өтімділік коэффициенті |
|
Республикалық маңызы бар қалаларда, облыс орталықтарында орналасқан жылжымайтын мүлік |
0,8-ге дейін |
|
Аудан орталықтарындағы жылжымайтын мүлік |
0,8-ге дейін |
|
Басқа елді мекендердегі жылжымайтын мүлік (бір жобада бір ауылдық елді мекенде 5 үйден аспауы тиіс) |
0,7-ге дейін |
|
Уәкілетті органда тіркелген ауыл шаруашылығы техникасы, құрылыс, жол-құрылыс, карьер техникасы, арнайы техника, автокөлік |
№2 кестеге сәйкес |
|
Болашақта меншікке өтетін жылжымалы мүлік |
0,5-ке дейін |
|
Жабдық |
0,8-ге дейін |
|
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жеке меншік құқығымен / бастапқы ұзақ мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен (егістік) |
0,7-ге дейін |
|
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жеке меншік құқығымен / бастапқы ұзақ мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен (жайылым, оның ішінде түпкілікті жақсарту, шабындық) |
0,3-ке дейін, бірақ
|
|
Топырақ түрі бойынша сортаң, құм, тақыр және ауыл шаруашылығы алқаптарының массивіне кіріктірілген өзге де алқаптар ретінде жіктелетін жер учаскелері |
0 |
|
Әуе, су және теміржол көлігі |
0,5-ке дейін |
|
Ауыл шаруашылығы жануарлары (сақтандыру міндетті) |
0,5-ке дейін |
|
Лизинг шарттары / қаржылық жалдау шарттары / тауарды бөліп төлеуге сату шарттары (исламдық қаржыландыру қағидаттары бойынша) бойынша талап ету құқығын кепілге беру / лизинг нысанын кепілге беру құқығын цессиялау |
0,5-ке дейін |
|
ТМЗ түріндегі сақтандыру болған жағдайда биологиялық активтер |
0,8-ге дейін |
Агроөнеркәсіптік кешендегі несиелеу ережелеріне сілтеме:
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033364