Инвестициялық комитет – Қоғамның инвестициялық жобалар мен тұрғын үй құрылысы саласындағы жобаларды қарау және шешімдер қабылдау, активтерді іске асыру, сенімгерлік басқаруға беру, қайта құрылымдау, есептен шығару мәселелері бойынша өз өкілеттіктері шегінде шешім қабылдайтын немесе алқалық сипаттағы ұсынымдар әзірлейтін Қоғамның тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші органы болып табылады.

Комитет өз қызметінде келесіні басшылыққа алады: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, Қоғамның Жарғысын, Қоғамның Инвестициялық саясатын, Инвестициялық комитет туралы Ережені.

Комитеттің мақсаты: Комитеттің негізгі мақсаты – Қоғам мен Компаниялардың инвестициялық қызметін іске асырудың тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдар (ұсыныстар) әзірлеу.

Комитеттің дербес құрамы Қоғам Басқармасының шешімімен бекітіледі және мыналарды қамтиды:

1. Комитет Төрағасы;

2. Комитет Төрағасының орынбасары;

3. Комитет мүшелері;

4. Комитет хатшысы (дауыс беру құқығынсыз).

Комитеттің жұмыс органы – Қоғамның инвестициялар департаменті.

Комитеттің төрағасы – Қоғам Басқарма Төрағасының Комитеттің жұмыс органын қадағалайтын орынбасары болып табылады.

Дауыс беру құқығына ие Комитет мүшелерінің жалпы саны тақ және кемінде 5 адам болуы тиіс, олар Қоғамның қызметкерлері болып табылады.

Комитеттің тұрақты мүшелері:

- Басқарма Төрағасының орынбасары;

- Заң департаментінің директоры;

- Экономикалық жоспарлау департаментінің директоры;

- Инвестициялар департаментінің директоры;

- Құрылыс департаментінің директоры;

- Активтер департаментінің директоры.

Инвестициялық комитет

Комиссия төрағасы

1

Комитет Төрағасы

2

МИРЗАБЕКОВ КАНАТБЕК БОЛАТОВИЧ

Басқарма төрағасының орынбасары

Инвестициялық комитеттің мүшелері:

1

КУДИЯРОВ БАУЫРЖАН МАМУТХАНОВИЧ

Басқарма төрағасының орынбасары

2 ТАНЫРАЕВА АЙЗАТ АЛИМКАНОВНА

Экономикалық жоспарлау департаментінің директоры

3

ҚАЛТЫМАҚОВА ЗАРИНА КАБДУЛЬБАРОВНА

Заң департаментінің директоры

4

СМАҒҰЛОВ АСЛАН КЕЛДІБЕКҰЛЫ

Инвестициялар департаментінің директоры

5

ТЕМІРБЕКОВ ДАНИЯР САҒИДДОЛАҰЛЫ

Активтер департаментінің директоры

6

МҰХТАРОВ ДАМИР ҒАЛЫМҰЛЫ

Құрылыс департаментінің директоры

Инвестициялық комитеттің мүшелері:

1

ҚАБДЫҒАЛИЕВ АСЛАН ӘБДІҒАЛИҰЛЫ

Инвестициялар департаментінің менеджері