Департамент туралы
Кредиттеу департаменті Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкерлікті қолдауға және экономиканың басым бағыттарын дамытуға арналған мемлекеттік, өңірлік және өзге де жеңілдікті кредиттеу бағдарламаларын іске асырады. Департаменттің негізгі қызмет бағыттарына шағын және орта бизнес субъектілерін, агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарын және басқа да қарыз алушыларды қаржыландыру, кредит алуға өтінімдерді қабылдау және қарау, қарыз алушылардың төлем қабілеттілігі мен жобалардың тиімділігін бағалау, сондай-ақ қарыз шарттарын ресімдеу және сүйемелдеу жатады. Департамент қарыз қаражатының нысаналы пайдаланылуына, міндеттемелердің орындалуына және қаржыландыру бағдарламаларының іске асырылуына мониторинг жүргізеді. Сонымен қатар кәсіпкерлерге жеңілдікті кредиттеу шарттары мен өтінім беру тәртібі бойынша консультациялар береді, мемлекеттік органдармен және қаржы институттарымен өзара іс-қимыл жасайды.