Филиал туралы
«Активтерді басқарушы компаниясы» филиалы «Ертіс» ӘКК» АҚ активтерін тиімді басқаруды, олардың құнын арттыруды, кірістілігін жоғарылатуды және тәуекелдерді төмендетуді қамтамасыз етеді. Филиалдың қызметі Қоғамның мүліктік және қаржылық активтерін ұтымды пайдалануға, сондай-ақ оларды өңірдің экономикалық дамуына тартуға бағытталған. Негізгі қызмет бағыттарына активтердің жай-күйі мен экономикалық тиімділігін талдау, олардың нарықтық құнын бағалауды ұйымдастыру, пайдаланылмайтын және бейінді емес активтерді экономикалық айналымға енгізу, сондай-ақ мүлікті жалға беру, басқару және өткізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу жатады. Филиал сондай-ақ индустриялық және шағын өнеркәсіптік аймақтардың қызметін ұйымдастыруға, олардың инфрақұрылымын дамытуға және әлеуетті резиденттермен жұмыс жүргізуге қатысады. Индустриялық аймақтар қатысушыларының шарттық міндеттемелерінің орындалуына және инфрақұрылымды пайдалануына мониторинг жүргізеді, мемлекеттік органдармен, инвесторлармен және кәсіпкерлік субъектілерімен өзара іс-қимыл жасайды.