Бюджеттік жоспарлау комитеті – қаржылық ресурстарды тиімді басқару және бюджеттік жоспарлаудың сапасын арттыру мақсатында «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ жанынан құрылған алқалық орган.
Комитеттің негізгі міндеттері:
- Қоғамның бюджеті, даму жоспары және тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарын дайындау және уақытылы бекіту;
- Құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстарын қарастыру және қаржыландырудың басым бағыттарын айқындау;
- Бюджеттің орындалуын бақылау және қаржы-экономикалық нәтижелерді талдау;
- Түзетулер енгізу және қаражатты пайдалану тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Комитеттің құрылымы:
- Комитет төрағасы (Қоғам аппаратының басшысы);
- Комитет мүшелері (Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері);
- Комитет хатшысы (дауыс беру құқығынсыз).
Қажет болған жағдайда Комитеттің жұмысына Қоғам қызметкерлері, мемлекеттік органдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері шақырылған қатысушылар ретінде тартылады.
Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғам Жарғысына және ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес жұмыс істейді. Оның қызметі Қоғамның қаржылық тәртібін нығайтуға және «СПК «Ертіс» АҚ-ның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.
Комитеттің жұмыс органы – Қоғамның экономикалық жоспарлау департаменті.
Комитеттің тұрақты мүшелері:
- аппарат басшысы – корпоративтік хатшы;
- экономикалық жоспарлау департаментінің директоры;
- бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің директоры;
- Қоғамның тәуекел-менеджері;
- Қоғамның заңгері.
Бюджеттік жоспарлау комитеті |
|
Арыстанбек Ринат Арыстанбекулы |
Бюджеттік жоспарлау комитетінің төрағасы |
«АО «СПК «Ертіс» Бюджеттік жоспарлау комитетінің мүшелері» |
|
Айзат Алимкановна Таныраева |
Экономикалық жоспарлау департаментінің директоры |
Бажаева Сауле Капаровна |
Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің директоры |
Кабдулданов Серик Азимханович |
Қоғамның тәуекел-менеджері |
Курилова Марина Ефимовна |
Қоғамның заңгері |