Департамент туралы

Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаменті «Ертіс» ӘКК» АҚ қызметін құқықтық, ұйымдастырушылық және кадрлық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Негізгі жұмыс бағыттарына жобалар мен шарттық қатынастарды заңдық сүйемелдеу, Қоғамның мүдделерін қорғау, құжат айналымын ұйымдастыру және орындаушылық тәртіпті бақылау, персоналды басқару және архив ісін жүргізу жатады. Департамент сондай-ақ ішкі және сыртқы коммуникацияларға, корпорация қызметін ақпараттық сүйемелдеуге, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылға, ресми сайт пен әлеуметтік желілердегі парақшаларды жүргізуге, сондай-ақ базалық IT-қолдауға жауап береді. Корпоративтік мәдениетті дамытуға және ішкі регламенттердің сақталуын қамтамасыз етуге қатысады.