Департамент туралы
Экономика және бухгалтерлік есеп департаменті «Ертіс» ӘКК» АҚ қаржы-экономикалық қызметін жоспарлауды, бухгалтерлік, салықтық және басқарушылық есеп жүргізуді, сондай-ақ қаржылық есептіліктің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді. Департаменттің негізгі қызмет бағыттарына Қоғамның кірістер мен шығыстар бюджетін және даму жоспарын әзірлеу, олардың орындалуын бақылау, қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерін талдау, кірістілік пен қаржылық тұрақтылықты арттыру жөнінде ұсыныстар дайындау жатады. Департамент инвестициялық жобалар мен бағдарламалардың қаржы-экономикалық тиімділігін бағалауға қатысады, төлемдерді ұйымдастырады, қаржылық, салықтық және статистикалық есептілікті қалыптастырады. Сондай-ақ Қоғамның қаржылық есептілігіне тәуелсіз аудит жүргізуді ұйымдастырады және мемлекеттік органдармен, банктермен, аудиторлық және қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды.